Оларға ата-аналардың ажырасуы, ұрысуы қатты әсер етеді екен.
иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден
Шымкент қаласындағы жастардың басым бөлігі психологтардың көмегіне отбасылық мәселелер бойынша жүгінеді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Бұл туралы Шымкент қалалық Жастар ресурстық орталығының мамандары хабарлады. Аталған ақпаратқа сүйенсек, жасөспірімдерге ата-аналардың ажырасуы, ұрысуы қатты әсер етеді екен. Сондай-ақ, жас балалардың айтуынша, көбінесе аналар мен әкелер оларды түсінбейді және қолдамайтын көрінеді.
«Көбінесе 15-18 жас аралығындағы жасөспірімдер отбасындағы қиындықтар туралы шағымданады. Олар мектеп, колледж және университет студенттері. Әсіресе, ата-аналары алкогольге тәуелді болған кезде дағдарыс күшейе түседі. Кейде мектеп бітіріп, кейін не істеу керектігін білмейтін жастар келеді», - делінген хабарламада. Бұл жас дағдарысы – адам есейеді, бірақ әлі ересек болуды үйренген жоқ дейді сарапшылар.
Сонымен қатар, жастар қыз бен жігіт арасында туындаған кейкілжің кезінде де психологтардың көмегіне жүгінеді.
Айта кетейік, Жастар ресурстық орталығында«Психологиялық көмек және күйзелістің алдын-алу» бөлімі жұмыс істейді. Тиісінше, бөлім қызметкерлері жастарға кеңес беріп, қаланың мектептерінде, колледждер мен университеттерде семинар-тренингтер өткізіп отырады. Ал, мамандар жыл сайын психологтарға деген сенім артып келе жатқанын айтады.
дереккөз: Шымкент қаласы әкімдігі