Ақын Абай Құнанбайұлының туылғанына 173 жыл толуына орай «Абай ұлы даланың рухани өлшемі» атты әдеби әуенді кеш өткізілді
ERNUR.KZ. Шымкент қаласында Абай Құнанбаевтың 173 жылдығы аталып өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ Абай ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Абай ауданы әкімі аппараты мен Абай атындағы орталық кітапханасының бірлесе ұйымдастыруымен халқымыздың озық ойлы білімдары, ақын Абай Құнанбайұлының туылғанына 173 жыл толуына орай «Абай ұлы даланың рухани өлшемі» атты әдеби әуенді кеш өткізілді.
Аталған мерекелік іс-шараға аудан әкімінің орынбасары Г.Ташимова, ақын, жазушы Сабырбек Нұрманұлы, ҚР еңбек сіңірген әртісі Сапар Өтемісұлы, «Тарихи мәдени мұраны қорғау, қалпына келтіру және пайдалану жөніндегі орталықтың» аға ғылыми қызметкері Көшербай Еділбай Шүкіртайұлы, опера және балет театрының әншісі О.Жақсыбек, ауыл билері және аудан тұрғындары қатысты. Іс-шара Абай атамыздың ескерткішіне гүл қою рәсімімен басталып, келген қонақтар "Хакім Абай" мұражайын аралады.
Сондай-ақ, іс-шара барысында Абай Құнанбаевтың қара сөздері мен өлеңдері оқылып, мерекелік концертке жалғасты.