Шымкенттіктер қаланы дамытуға qr-код арқылы ұсыныс білдіре алады

0
41

Бұған дейін қала әкімінің тұрғындармен кездесуі мен шаһарды аралауы кезінде көптеген ұсыныстар айтылып келген болса, енді бұл пікірлер арнайы жүйе арқылы қабылданады.


Шымкенттіктер қаланы дамытуға qr-код арқылы ұсыныс білдіре алады

Шымкент қаласында тұрғындардың пікірін тікелей ескеруге бағытталған жаңа жоба іске қосылды.

Бүгін Шымкент қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметі ақпарат алаңында өткен брифингте шаһар әкімдігінің ресми өкілі, қала әкімінің орынбасары – Сәрсен Абайұлы Құранбек жаңа жоба туралы айтты.

Шымкент қаласында тұрғындардың пікірін тікелей ескеруге бағытталған жаңа жоба іске қосылды. Қала әкімі Ғабит Сыздықбековтің бастамасымен қолға алынған «Шымкентті дамытуға халықтың үлесі» жобасы енді әрбір тұрғынға қаланың дамуына қатысты өз ойы мен ұсынысын оңай әрі жылдам жеткізуге мүмкіндік береді.
Бұған дейін қала әкімінің тұрғындармен кездесуі мен шаһарды аралауы кезінде көптеген ұсыныстар айтылып келген болса, енді бұл пікірлер арнайы жүйе арқылы қабылданады. Алдағы уақытта қоғамдық орындар мен автобустарда QR-кодтар орнатылып, сол арқылы тұрғындар қаланы көркейтуге арналған идеяларын жолдай алады.
Әкім Ғабит Әбдімәжитұлының айтуынша, бұл бастама — әрбір азаматқа Шымкенттің дамуына өз үлесін қосып, оң өзгерістердің бір бөлігі болуға мүмкіндік береді. Түскен ұсыныстардың барлығы мұқият сараланып, ең өзекті әрі пайдалы бастамалар нақты жүзеге асырылмақ.
Жоба — әкімдік пен халық арасындағы ашық диалогты нығайтуға, сондай-ақ ортақ күш біріктіре отырып, қаланың өркендеуіне үлес қосуға бағытталған маңызды қадам.
Бөлісу