Азық-түлік жәрмеңкесіне облыстың басты аудандарының барлығы дерлік қатысқан.
ERNUR.KZ. Нұр-Сұлтанда кешелі бері жыл сайын ұйымдастырылатын облыстардың азық-түлік жәрмеңкесі өтуде. Маусымның 1-інен бастау алған игі бастаманы Түркістан облысы бастап берді, деп жазады kaz.nur.kz.
Таңғы 9-дан басталған жәрмеңкеге келушілердің санында шек болмады. Олар түрлі азық-түлік өнімдерін алу үшін кезекке тұрды. Азық-түлік жәрмеңкесін Түркістан облысы ұйымдастырып жатқандықтан, онда әдеттегідей жеміс-жидек, көкөніс өнімдері көп болды.
Айта кетерлігі, азық-түлік жәрмеңкесіне облыстың басты аудандарының барлығы дерлік қатысқан. Олардың арасында әсіресе Төле би, Сарыағаш сияқты өңірдегі ірі аудандардың ұсынған азық-түлік өнімдері көп болды.
"Бағалар қолжетімді. Бәрі бар, қала адамдарына ауылдың таза өнімін сатып алатын таптырмас мүмкіндік деп ойлаймын. Жаз бойы келесі облыстардың да жәрмеңкелерін асыға күтетін боламыз", - дейді қала тұрғындары.