Шымкенттің бас полицейі азаматтардың арыз-шағымын тыңдады

0
837

Азаматтардың басым бөлігінің сұрақтары алаяқтық фактілеріне қатысты болды.


Шымкенттің бас полицейі азаматтардың  арыз-шағымын тыңдады

Шымкенттің бас полицейі Ералы Жұмаханбетов онлайн-форматта азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бірыңғай қабылдау күні барысында полиция генерал-майоры 100-ден астам тұрғынмен тілдесті. Азаматтардың басым бөлігінің сұрақтары алаяқтық фактілеріне қатысты болды.

Ералы Мұсаәліұлы қабылдауға келгендердің мәселелерін мұқият тыңдап, сұрақтарына толыққанды жауап берді.

Сондай-ақ, аудандық полиция басқармаларының орынбасарлары мен басшылары барлық сұрақтар бойынша нақты тапсырмалар алды.

Бірыңғай қабылдауға келген азаматтардың мәселелері бақылауға алынып, оларды түпкілікті нәтижеге дейін жеткізу жауапты қызметкерлерге жүктелді.