Шымкент қаласының 2035 жылға дейінгі даму бас жоспары әзірлену барысында екі қоғамдық талқылау өтті.
Шымкент қаласының 2035 жылға дейінгі дамуының Бас жоспары әзірленіп жатыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Бұл жобаның аяқталу мерзімі биылғы жылдың мамыр айына жоспарланған. Сонымен қатар «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы негізінде қаланың геоақпараттық жүйесі жасақталуда.
Айта кетейік, Шымкент қаласының 2035 жылға дейінгі даму бас жоспары әзірлену барысында екі қоғамдық талқылау өтті. Әр қоғамдық талқылауға бір ай уақыт белгіленді. Сәулетшілер мен қала халықы тарапынан 140-ға жуық сұрақтар мен ұсыныстар келіп түсті. Әрбір ұсыныстар мен сұрақтарға өз кезегінде жобалаушы мекеме тиісті заңдылықтарға сәйкес жауап берілді. Сондай-ақ, қала тұрғындарының тарапынан Бозарық шағын ауданының аумағынан темір жол салу туралы ұсыныс түскен болатын. Алайда бұл арнайы мамандардың және жобалаушы мекеменің жүргізген зерттеуінің нәтижесінде қалаға экономикалық тұрғыдан тиімісіз екені нақтыланды. Сол себепті қолда бар ресурстарды пайдалану мақсатында бас жоспарға темір жолды аэропорт ауданының аумағынан салу тиімді деп жоспарлануда. Бұған қаланың тұрғындары да дұрыс деген ұсыныстарын білдірді.