ШЫМКЕНТТІҢ ОҚУШЫЛАРЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНКУРСТА ЖҮЛДЕЛІ БОЛДЫ

0
56


ШЫМКЕНТТІҢ ОҚУШЫЛАРЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНКУРСТА ЖҮЛДЕЛІ БОЛДЫ

Ақмола облысында ХХІ «Зерде» республикалық зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстар конкурсы өтті. Еліміздің барлық өңірінен 347 оқушы қатысып, 272 ғылыми жоба қорғалды.

Математика, физика, химия, биология, информатика, роботтехника, STEM-инженерия және басқа да бағыттарды қамтыған байқауға қатысқан Шымкент қаласының 11 оқушының сегізі жоғары нәтиже көрсетіп, жүлделі орындарды иеленді.
Атап айтқанда, «Парасат» мектебінің 5 сынып оқушысы Айбар Әлім мен №47 мектептің 7 сынып оқушысы Қаламқас Идия 1-орын алса, №41 мектептің 7 сыныбында оқитын Асылжан Орал 2-орынды иеленді.
Ал Алуа Әлімхан (№26 мектептің 2 сынып оқушысы), Айзере Алдаберген (№52 мектептің 4 сынып оқушысы), Әлисұлтан Мұратбек (№143 мектептің 4 сынып оқушысы), Аруназ Мұрат (№141 мектептің 3 сынып оқушысы) және Бекарыс Махамбет (Samruk мектебінің 4 сынып оқушысы) 3-орыннан көрінді.
Бөлісу