​ШЫМКЕНТТІҢ СПОРТШЫЛАРЫ ӘЛЕМ КУБОГЫНА АТТАНДЫ

0
77

Бұл дода – 2026 жылы Италиядағы Милан-Кортина-д’Ампеццо қысқы Олимпиада ойындарына іріктеу саналатын маңызды кезең.


​ШЫМКЕНТТІҢ СПОРТШЫЛАРЫ ӘЛЕМ КУБОГЫНА АТТАНДЫ

6-8 желтоқсан күндері Финляндияның Рука тау-шаңғы курортында фристайлдан (акробатика, могул) Әлем кубогының кезеңі өтеді.

Олимпиада алдындағы шешуші жарыста Қазақстан ұлттық құрамасының намысын Шымкент қаласының 5 спортшысы қорғайды:

Ұланбәкір Өмірзақов (Қысқы Азия Ойындарына қатысушы);
Дінмұхаммед Райымқұлов (жастар арасындағы Әлем чемпионатының жеңімпазы);
Асан Асылхан (Қысқы Азия Ойындарының қола жүлдегері);
Шерзод Хаширбаев (Қысқы Азия Ойындарының жеңімпазы);
Ардана Маханова (Қысқы Азия Ойындарының күміс жүлдегері).
Спортшылардың жаттықтырушысы – Іңкәрбек Бағлан.
Бұл дода – 2026 жылы Италиядағы Милан-Кортина-д’Ампеццо қысқы Олимпиада ойындарына іріктеу саналатын маңызды кезең. Отандастарымыз осы сында рейтингке ұпай жинап, негізгі лицензиялық қорды толықтыруды көздейді.
Айта кетсек, Қазақстан тәуелсіздік алғаннан бері қысқы Олимпиада ойындарында фристайлдан үздіксіз бақ сынап келеді. Бүгінде фристайл еліміздегі басты қысқы спорт түрлерінің қатарына жатады.
Бөлісу