Қоғамдық тәртіпті сақтап жүрген сала өкілдері бұл жолы сауапты іске бірлесе жұмылды.
Шымкент қаласы Полиция департаменті Қаратау ауданы Полиция басқармасының тергеушілері қайырымдылық көмек көрсетті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Нұрсат мөлтек ауданының тұрғыны жалғыз басты ана алты баланы тәрбиелеп отыр. Халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, қоғамдық тәртіпті сақтап жүрген сала өкілдері бұл жолы сауапты іске бірлесе жұмылды. Көп балалы жанұяға күнделікті тұрмысқа қажетті азық-түлік өнімдері жеткізілді.
- Игі іске қолдау көрсету, сауапты іске атсалысу ұлттық болмысымызға сіңген қасиет әрі азаматтықтың белгісі. Көмекке мұқтаж жандарға қол ұшын созып, жақсылық жасау – әрбір адамның борышы, яғни аз қамтылған және қамқорлыққа мұқтаж балалардың қамқоршысы болып, жүрек жылуын ұсыну, сауабы мол іске атсалысу – әрбір адамның азаматтық парызы, - дейді полицейлер.