​ТӘРТІП — ТӘРБИЕ БАСТАУЫ: Шымкентте жастармен кездесу өтті

0
717

Сала маманы заң аясынан тыс әрекеттер жасаған жағдайда қандай жауапкершілік көздері қаралғандығына тоқталды.


​ТӘРТІП — ТӘРБИЕ БАСТАУЫ: Шымкентте жастармен кездесу өтті

Шымкент қаласының жастар ресурстық орталығы №75 мектеп-гимназиясында «Тәртіп — тәрбие бастауы» тақырыбында кездесу өтті.


Жастар арасындағы құқықтық сауаттылық арттыру мен әкімшілік құқық жайлы ақпараттандыру мақсатында өткен кездесуге Тұран ауданы әкім аппаратының қызметкері Сахов Мадияр және Тұран ауданы кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспекторы Жанболат Агибаев қатысып, жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру бағытында бірқатар заңдар жөнінде айтып берді.
Сала маманы заң аясынан тыс әрекеттер жасаған жағдайда қандай жауапкершілік көздері қаралғандығына тоқталды.

Сонымен қатар, Шымкент қаласы аумағында өтіп жатқан рейдтік іс-шараларға тоқталып, түнгі уақыттарда кәмелет жасына толмаған жастардың заңды өкілінсіз жүруінің қауіп-қатерін жеткізді.