Көрме 20 сәуірге дейін жұмыс істейді.
Сурет: Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі
"Қазан Кремль" мемлекеттік тарихи-сәулет және көркемсурет мұражай-қорығында"Яссауи мұрасы және ежелгі Түркістан" халықаралық көрмесі ашылды. Іс-шараны "Әзірет Сұлтан" мемлекеттік тарихи-мәдени мұражай-қорығы ұйымдастырды.
Экспозиция 3 бөлімнен тұрады: "Рухани аманат","Яссауи мұрасы","Түркістан – Түркі әлемінің астанасы".
Көрмеде мұражай-қорық қорынан археологиялық, нумизматикалық, этнографиялық құнды жәдігерлердің түр-түрі ұсынылған. Олардың қатарында Қожа Ахмет Яссауи өмірі мен мұрасы туралы қолжазбалар мен картиналар, ілімін жалғастырушылардың еңбектері, дүниежүзілік мұра атанған Қожа Ахмет Яссауи кесенесіне байланысты тарихи артефактілер бар.
Сондай-ақ көрмеге келген көпшілік қасиетті Түркістан тарихымен және қазақ даласының ғасырлар бой қалыптасқан мәдениетімен, оның әлемдік өркениеттегі өзіндік орнымен таныса алады.
Көрме 20 сәуірге дейін жұмыс істейді.