Бүгін Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков әріптестерімен және қала тұрғындарымен бірге «Таза Қазақстан» жобасы аясында сенбілікке қатысты.
Бұл жолы тазалық жұмысын қатысушылар қалалық дендросаябақтың аумағын қоқыстан тазартып, ағаштарды санитарлық кесу жұмысын жүргізді.
«Мұндай іс-шаралар табиғатқа деген қамқорлық мәдениетін қалыптастырып, экологиялық жағдайды жақсартуға септігін тигізеді.
Жалпы қазіргі таңда елімізде көктемнен бері «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы жүріп жатыр. Бұл – тұтас халықты ұйыстырған берекелі бастаманы шымкенттіктер қолдап, әр аптада өтетін тазалық шараларына белсене атсалысып жүр. Бұл үрдіс жалғаса беретін болады.
Өйткені, мемлекет басшысы Қазақстан халқына арнаған Жолдауында бұл уақытша шара емес, жаңа мәдениет пен қоғамдық этиканы қалыптастыруға ықпал ететін тұрақты тәжірибеге айналуы тиіс екенін атап өтті.