​«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: ТУҒАН ҚАЛАМЫЗДЫҢ ТАЗАЛЫҒЫНА ҮЛЕС ҚОСУ – АЗАМАТТЫҚ БОРЫШЫМЫЗ!

0
147


​«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: ТУҒАН ҚАЛАМЫЗДЫҢ ТАЗАЛЫҒЫНА ҮЛЕС ҚОСУ – АЗАМАТТЫҚ БОРЫШЫМЫЗ!

«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасы аясындағы іс-шаралар бүгін Шымкент қаласындағы Еңбекші ауданында да жалғасын тауып жатыр. Атап айтқанда, бүгін «Бадам-1» шағын ауданының аумағында «Таза аула» атты іс-шара ұйымдастырылды.

Іс-шараға ауданынң белсенді жастары, ауыл тұрғындары елді мекен аумағын тұрмыстық қалдықтар мен қоқыстан тазартып, жол жиектеріндегі шөптерді орып, ағаш бұтақтарын тазалады. Аталған іс-шарадан кейін аулалардың өңі өзгеріп, айнала тазарып шыға келді.
«Елімізде тыныштық пен тұрақтылық сақталып, халқымыздың әл-ауқаты да жақсарып келеді. Ендігі жерде біздің қоғамның экологиялық мәдениеті де өсуі тиіс. Президентіміздің бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы, міне, осы мақсатты көздейді.
Сол себепті өзіміздің сүйікті қаламызды таза ұстауға атсалысу – әрбіріміздің азаматтық борышы деп білемін», - дейді Еңбекші ауданы, Бадам-1 ауылының төбе биі Тулеев Әмірхан ақсақал.
Айта кетейік, «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы тұрғындардың экологиялық мәдениетін көтеріп, жас ұрпақты қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауға үйретуді көздейді.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев облыстар мен қалалардың әкімдеріне аумақтарды абаттандыру, көгалдандыру жөнінде бірқатар тапсырма берді. Оның ішінде cу тасқынына ұшырамаған облыстар мен қалалардың әкімдеріне көшелерді тазарту, көгалдандыру және елді мекендердің аумақтарын абаттандыру науқанын бастауды тапсырды. Сонымен қатар жолдарды ретке келтіру міндеті жүктелді.

Осыған орай елімізде «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы басталған болатын.

Бөлісу