«Төлем» электронды жүйесі өткен жылдың 15 қазанынан енгізілген болатын.
Шымкентте «Төлем» жүйесінің негізінде тасымалдаушылардың салықтық төлемдері төрт есеге артты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Шымкент қаласында қоғамдық көлікке «Төлем» электронды жүйесі өткен жылдың 15 қазанынан енгізілген болатын. Бүгінгі күнге дейін 305 929 төлем картасы сатылып, 80 пайыздан астам транзакция электронды картамен жасалды. Нәтижесінде тасымалдаушылардың салықтық төлемдері өткен жылмен салыстырғанда төрт есеге артты.
Шымкентте жолаушылар көлігін дамытудың кешенді схемасы дайындалып, бекітілді. Осының негізінде қоғамдық көліктерді жаңарту бағдарламасы іске асырылып жатыр. Бұрын «Ankai» маркалы дизель отынымен жүретін 300 автобустармен артса, бүгінде автобус паркі «Yutong» маркалы 300 жаңа, метан газымен жүретін автобуспен толыққан. Жыл соңына дейін тағы 290 автобус линияға шығады. Осылайша, қоғамдық көліктің 80 пайызы жаңарады. Бұл автобустарда газбен жүретін болады.
Жалпы қалада 16 тасымалдаушы 1050 қоғамдық көлікте қызмет көрсетуде. Жолаушылар тасымалында 78 маршрут болса, оның 57 маршруты әлеуметтік маңызы бар маршрутқа жатады.
Сондай-ақ, қалада тұрғындарға сапалы әрі тұрақты қызмет көрсетуді жүйелендіру мақсатында автобустарды онлайн режимінде көруге арналған «I-kolik» мобильдік қосымшасы пайдалануға берілді.