ТҮНГІ ТЫНЫШТЫҚ: Шымкентте салюттерге бақылау күшейтілді

0
128

Пиротехникалық бұйымдарды тек арнайы рұқсат етілген сауда орындарынан сатып алып, қауіпсіздігі қамтамасыз етілген алаңдарда ғана қолдануға болады. Өзге орындарда қолдануға тыйым салынады.


 ТҮНГІ ТЫНЫШТЫҚ: Шымкентте салюттерге бақылау күшейтілді

Шымкент қаласында тұрғындардың тыныштығы мен қауіпсіздігін сақтау мақсатында түнгі мезгілде пиротехникалық бұйымдарды қолдануға байланысты бақылау күшейтілді.

Бұл туралы бүгін Шымкент қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметі ақпарат алаңында өткен брифингте Шымкент қаласы әкімдігінің ресми өкілі, қала әкімінің орынбасары – Сәрсен Абайұлы Құранбек тарқатып айтып берді.

Соңғы уақытта түнгі уақытта салют ату деректеріне шағым көбейіп, полиция департаменті тарапынан рейдтік шаралар тұрақты түрде жүргізілуде.

Қоғамдық орындарда салют ату фактілері бойынша жыл басынан бері 123 азаматқа әкімшілік хаттама толтырылып, барлығы 9,6 млн теңгеден астам айыппұл салынған. Сонымен қатар, сағат 22:00-ден кейін тыныштықты бұзған 4 675 тұлға жауапкершілікке тартылып, 66,9 млн теңге көлемінде айыппұл өндірілген.
Пиротехникалық бұйымдарды тек арнайы рұқсат етілген сауда орындарынан сатып алып, қауіпсіздігі қамтамасыз етілген алаңдарда ғана қолдануға болады. Өзге орындарда қолдануға тыйым салынады.
Тұрғындардың тыныштығын сақтау мен қауіпсіз ортаны қамтамасыз ету – Полиция департаментінің басты міндеттерінің бірі. Құзырлы орган қала тұрғындарын тәртіпке түсіністікпен қарап, заң талаптарын сақтауға шақырады.
Бөлісу