Тұран ауданына қарасты елді мекендерде трансформаторлар жаңартылуда

0
458


Тұран ауданына қарасты елді мекендерде трансформаторлар жаңартылуда

Биыл Шымкент қаласы Тұран ауданы аумағындағы елдімекендердің тозығы жеткен трансформаторлары мен электр желілерін жаңарту жұмыстары басталған.

Қазіргі уақытта Тұран ауданына қарасты Қазығұрт, Құрсай және Жаңаталап елді мекендеріндегі трансформаторлар «ОңтүстікЖарықТранзит» ЖШС-і тарапынан инвестициялық бағдарлама аясында жаңартылып қойылды.
Айта кетейік, Қазығұрт, Құрсай елді мекендерінде - 5, Жаңаталап елді мекенінде – 1 тарансформатор орнатылған.
Сонымен қатар, Құрсай, Ақжар, Жаңаталап елді мекендерінде барлығы 10,2 шақырым электр желілері ауыстырылуда.
дереккөз: Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі