"Ұрып-соғып, үтікпен күйдірген": Шымкентте анасынан зардап шеккен балалар сотта жауап берді

0
282

Сот барысында оның кінәсін дәлелдейтін материалдар, соның ішінде видеожазбалар ұсынылды.


Фото: otyrar.kz
ERNUR.KZ. Шымкентте әйел өз балаларын жүйелі түрде ұрып-соғып, жазалаған. Ол тәртіп бұзса балаларын үтікпен, отқа қыздырылған шанышқымен қинаған. Әйел сот алдында жауап берді, деп жазады Отырар.

Сот барысында оның кінәсін дәлелдейтін материалдар, соның ішінде видеожазбалар ұсынылды. Балалардан да жауап алынып, оқиғаның мән-жайы анықталды.

Әйелдің бұрынғы енесі бұл қайғыны кешіретінін айтқанымен, заң мұндай әрекеттерді кешірмейді. Сот отырысында зорлық-зомбылықты растайтын дәлелдер, соның ішінде бейнежазбалар ұсынылды. Сондай-ақ сот балалардан жауап алып, оқиғаның толық мән-жайын қалпына келтірді.

Балалардың айтуынша, анасы оларға қатыгез жаза қолданған. Ұрып-соққан, ыстық заттармен күйдірген және өміріне қауіп төндіретін әрекеттерге мәжбүрлеген. Сот барысында сотталушының өзі де бұл зорлық фактілерін жоққа шығармағаны назар аудартады.

“ Тергеу кезінде берген жауабыңызды растайсыз ба? Мұнда ашуланып, шанышқыны газға қыздырып, онымен Махмұдтың аузын күйдірдіңіз деп жазылған. Растайсыз ба?
— Иә, растаймын.

— Сондай-ақ Махмудтың темекі шегіп жатқанын көріп, үтікті қосып қыздырып, онымен оның беті мен денесінің бөліктерін күйдіргеніңіз көрсетілген. Растайсыз ба?

— Иә, растаймын”, – деді ол.