Мерзімінен бұрын туылған шақалақтар бір айдан аса қалалық перинаталдық орталықтағы дәрігерлердің медиицналық бақылауында болған.
Шымкентте үшем дүниеге келді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Бұл туралы Шымкент қаласы Денсаулық сақтау басқармасы мәлімдеді.
Мерзімінен бұрын туылған шақалақтар бір айдан аса қалалық перинаталдық орталықтағы дәрігерлердің медиицналық бақылауында болған.
"38 жастағы қала тұрғыны Жазира Көшербаева жүктіліктің 32-аптасында Нұрсаттағы перинаталдық орталыққа жеткізілген. 21-қараша күні дәрігерлер жүкті әйелді кесір тілігі арқылы босандырды. Дүниеге келген үшемдердің салмағы - 1480 гр, 1380 гр, 1175 гр", - делінген жазбада.
Денсаулықтары жақсарған үш сәби мен анасын перзентханадағы дәрігерлер сән-салтанатпен шығарып салды.