​Видеоға түсіру үшін: Шымкенттік жігіттер аялдаманың әйнегін сындырған

0
2 586

Сынған аялдаманы инспектор байқаған.


​Видеоға түсіру үшін: Шымкенттік жігіттер аялдаманың әйнегін сындырған

Шымкентте 19 жасар екі жігіт аялдаманың әйнегін сындарған, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

15 ақпан күні таңғы сағат 6:00 шамасында Шымкент қаласының полиция департаменті патрульдік полиция полкінің қызмет инспекторы Сұңғат Абилов аумақты патрульдеу барысында Абай даңғылында орналасқан «Радуга» автобус аялдамасының шыны қабырғасы сынғанын байқаған. Тәртіп сақшысы бұл туралы Абай ауданы полиция басқармасының кезекші бөліміне жедел хабарлап, вандалдарды іздеуге кіріскен.


Инспектор тексеру барысында оқиға орнына жақын жерде жүрген 2 жігітті байқап, тоқтатады. Ұсталған күдіктілердің ұялы телефонынан олардың аялдаманың әйнегін сындырып жатқан бейнежазбасы табылып, 19 жастағы екі азамат полицияға жеткізілді.


Қазіргі уақытта аталған факті бойынша тексеру жүргізілуде. Тексеру аяқталғаннан кейін азаматтардың іс-әрекеттеріне құқықтық баға беріледі, деп хабарлады Шымкент қаласы Полиция Департаменті.