Вице-министр: 505 мың теңгелік грантқа үміткерлер дайындық курсын оқымайды

0
1 029

Гранттарды тағайындаудың талап-шарттары 2020 жылдан бастап өзгереді.


Вице-министр: 505 мың теңгелік грантқа үміткерлер дайындық курсын оқымайды

Бүгін Шымкент қаласына ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ержан Жылқыбаев жұмыс сапарымен келді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бірінші вице-министр Ержан Жылқыбаев жұмыс сапары барысында Шымкент қаласының әкімдігінде өткен жиынға қатысты.

Аталған мәслихатта вице-министр Ержан Жұматұлы жаңа жылдан бастап жүзеге асатын маңызды жобаны таныстырып, ел арасында талқыға түскен «21 мың теңгенің» көпбалалы және аз қамтылған жалғызілікті отбасыларға кедейлік шегінен шығу үшін берілетінін түсіндіріп өтті. Және де бұл үнемі берілетін жәрдемақы еместігін айтты.

Сонымен қатар, жаппай кәсіпкерлікті қолдауға арналған 505 мың теңге мемлекеттік гранттарды тағайындаудың талап-шарттары 2020 жылдан бастап өзгеретінін хабарлады. Атап өтсек, осы уақытқа дейін үміткерлер үш ай немесе 21 күн арнайы дайындық курстарында оқыған болса, келесі жылы дайындық курстарын оқымай-ақ 505 мың теңгелік мемлекеттік грантқа қатыса алады.

Айта кетейік, Шымкент қаласында 2019 жылдың басынан атаулы әлеуметтік көмекке 69 735 отбасы өтініш білдірген. Нәтижесінде, 53 258 отбасыға нақты тағайындалған. Қазіргі таңда 41 мыңнан астам отбасы АӘК-тің шартты ақшалай көмегіне өздерінің дара кәсіптерін ашқан. Ал, жаппай кәсіпкерлік қолдауда жаңа бизнес идеялары үшін Шымкент қаласы бойынша 1846 адам 505 мың мемлекеттік грант иегері атанған.