​WORLDSKILLS SHYMKENT – 2026: ҮЗДІК ЖАС МАМАНДАР АНЫҚТАЛДЫ

0
104

Байқау қорытындысы халықаралық талаптарға сәйкес CIS бағалау жүйесі арқылы шығарылды.


​WORLDSKILLS SHYMKENT – 2026: ҮЗДІК ЖАС МАМАНДАР АНЫҚТАЛДЫ

8-12 маусым аралығында өткен «WorldSkills Shymkent – 2026» өңірлік кәсіби шеберлік чемпионаты өз мәресіне жетті. Чемпионаттың салтанатты жабылу рәсімі өтіп, жеңімпаздар марапатталды.

Шымкент қаласындағы техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының білім алушылары арасында ұйымдастырылған байқау 45 құзыреттілік бойынша өткізілді. Ауқымды додаға 258 қатысушы бақ сынап, олардың кәсіби шеберлігін 300 сарапшы мен 20 тәуелсіз сарапшы бағалады.
Чемпионат жұмысшы мамандықтарының беделін арттыруға, кәсіби құзыреттілігі жоғары жастарды анықтап, қолдауға, сондай-ақ техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің жетістіктерін насихаттауға бағытталды. Сонымен қатар еңбек нарығының сұранысына сай білікті мамандар даярлаудың маңыздылығын дәріптеуге басымдық берілді.
Байқау қорытындысы халықаралық талаптарға сәйкес CIS бағалау жүйесі арқылы шығарылды. Нәтижесінде 47 қатысушы бірінші орынға, 61 қатысушы екінші орынға, ал 51 қатысушы үшінші орынға ие болды. Жеңімпаздарға дипломдар мен арнайы сыйлықтар табысталды.
Айта кету керек, «WorldSkills Shymkent» чемпионаты жастардың кәсіби дағдыларын дамытуға, олардың әлеуетін ашуға және жұмысшы мамандықтарына деген қызығушылықты арттыруға ықпал ететін маңызды алаң ретінде жыл сайын дәстүрлі түрде өткізіліп келеді.
Бөлісу