Яндекс Go: ​Шымкентте фургондары мен жүк тиеушілері бар "Жүк" тарифі пайда болды

0
775

Бүгін Yandex Go-ды Қазақстанның 20 қаласында пайдалануға болады.


Яндекс Go: ​Шымкентте  фургондары мен жүк тиеушілері бар

Шымкентте Yandex Go қосымшасында жүк көлігін шақыру мүмкіндігі пайда болды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұған дейін осы қызмет Алматы қаласының тұрғындары үшін қолжетімді болды. Ол көшкен кезде немесе дүкеннен жаңа диван, жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін құрылыс материалдарын, алаңға құрал-жабдықтарды жеткізу керек болса пайдаға асады.

Шымкентте «Жүк» тарифі бойынша сапар құны 1610 теңгеден басталады. Оған заттарды тиеуге 10 минут, сапардың алғашқы 20 минуты мен 10 шақырымы және жүк түсіруге 10 минут кіреді. Мысалы, осы бағаға шағын шанақтағы жүкті «ESCO» бизнес орталығынан «Яссауи» тұрғын үй кешеніне дейін жеткізуге болады. Орташа шанақта «Шымкент Плаза» сауда орталығынан «Алаш» базарына бару шамамен 2100 теңгені құрайды. Сапардың құны алдын-ала белгілі - қосымшада баратын мекен-жайыңызды енгізу жеткілікті. Ол сағатпен емес, минутпен есептеледі. Сондықтан, пайдаланушылар жеткізуге кеткен нақты уақыт үшін ғана төлейді.
Жүк көлігімен бірге ауыр жүкті жеткізуге көмектесетін жүк тиеушіні шақыруға болады. Бұл опция сапардың «Тілектер» опциясында бар, ол үшін қосымша төлем қарастырылған. Бұл жағдайда пайдаланушының бірге ілесіп жүруі үшін салонда жолаушы орны әрдайым болады.
«Жүк» тарифі бойынша тапсырыстарға үлкен машиналар келеді. Мысалы, Volkswagen Caravelle, Hyundai Starex, Gazelle 3302. Шағын шанағы бар машиналардың жүк бөлімдерінің ең кішкентай мөлшері: биіктігі 90 сантиметр, ені 100 және ұзындығы 170 құрайды. Орташа шанағы бар автомобильдер үшін: биіктігі150 сантиметр, ені 160 және ұзындығы 260. Фургонға зат салынған көптеген қораптар, орташа мөлшердегідиван, велосипед және асүй пеші сыяды. Жалғыз шектеу - әр заттың салмағы 30 килограмнан аспауға тиіс.
Жаңа тарифтегі барлық жүктер автоматты түрде сақтандырылады. Былтырғы жылдың соңынан бастап, Қазақстанда Yandex Go-де қала бойынша шағын заттар мен құжаттарды тасымалдауға қолайлы «Жеткізу»қызметі де қолжетімді болды. Сақтандыру барлық тапсырыстарға және осы тарифке қолданылады.
Yandex Go (бұрын - Яндекс.Такси) бірден Яндекстің бірнеше сервисінің мүмкіндіктерін біріктіреді: таксиге жылдам тапсырыс беру, тамақ жеткізу, заттарды жөнелту, жүк тасымалдау және қоғамдық көлік кестесі. Барлығының бір қосымшада болуы пайданушыларға қала бойынша қозғалумен байланысты кез-келген мәселені тез шешуге мүмкіндік береді. Бүгін Yandex Go-ды Қазақстанның 20 қаласында пайдалануға болады. Тегін қосымша қазақ, орыс және басқа да көптеген тілдерде iOS және Android үшін қолжетімді.