​«Заң мен тәртіп» – қоғамдық қауіпсіздіктің басты кепілі

0
72


​«Заң мен тәртіп» – қоғамдық қауіпсіздіктің басты кепілі

Шымкент қаласының полиция департаментінде «Заң мен тәртіп» идеологемасын ілгерілету мәселелеріне арналған дөңгелек үстел өтті.

Іс-шараға департамент бастығының орынбасары Нұрбол Мырзатаев төрағалық етті.

Кездесу барысында құқық үстемдігін қамтамасыз ету, қоғамдық тәртіпті нығайту, құқық бұзушылықтардың алдын алу және азаматтардың құқықтық мәдениетін арттыру бағытындағы өзекті мәселелер жан-жақты талқыланды. Қатысушылар заң талаптарын сақтау мен қоғамдағы тәртіпті қамтамасыз ету әрбір азаматтың ортақ міндеті екенін атап өтті.
Нұрбол Мырзатаев өз сөзінде «Заң мен тәртіп» қағидаты әділетті қоғам қалыптастырудың негізгі тіректерінің бірі екенін баса айтты.
Дөңгелек үстел аясында құқық бұзушылықтардың профилактикасын жетілдіру, халықпен кері байланысты күшейту, жастар арасында құқықтық сауаттылықты арттыру және мемлекеттік органдардың өзара іс-қимылын дамыту мәселелері де қарастырылды.
Іс-шара қорытындысында қатысушылар қоғамда заңға бағыну мәдениетін қалыптастыру, азаматтардың құқықтық жауапкершілігін арттыру және қоғамдық қауіпсіздікті нығайту бағытындағы жұмыстарды одан әрі жүйелі түрде жалғастыру қажеттігін атап өтті.
Бөлісу