ZHANIBEKOV UNIVERSITY-де грант иегерлеріне сертификаттар табысталды

0
89

Шымкент қаласы бүгінде еліміздегі үшінші ірі студенттер қаласы саналады. Қала аумағында 9 жоғары оқу орны жұмыс істейді.


 ZHANIBEKOV UNIVERSITY-де грант иегерлеріне сертификаттар табысталды

2025 жылғы 1 қыркүйекте Zhanibekov University қабырғасында Білім күніне арналған салтанатты іс-шара ұйымдастырылды. Іс-шараға қала басшылығы, жоғары оқу орнының профессорлық-оқытушылық құрамы, студенттер, ата-аналар және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Салтанатты жиын барысында Шымкент қаласы әкімдігі тарапынан бөлінген 22 білім грантының иегерлеріне арнайы сертификаттар табысталды. Бұл гранттар — өңірлік еңбек нарығына қажетті мамандықтар бойынша білім алуға ниетті талапкерлерге беріліп отырған нақты қолдау шарасы. Грант иегерлері – іріктеу нәтижесі бойынша әлеуметтік жағынан осал топтарға жататын, сондай-ақ академиялық әлеуеті жоғары жастар арасынан таңдалып алынған.
Шымкент қаласы әкімдігі бұл бағыттағы жұмысты жүйелі түрде жалғастырып келеді. Айта кету керек, 2024 жылдан бастап қала әкімдігі екінші жыл қатарынан жоғары оқу орындарына оқуға 285 білім грантын бөліп отыр. Бұл бастама – жастардың жоғары білім алуына қолжетімділігін арттырумен қатар, өңірлік кадрлық әлеуетті нығайтуға бағытталған ұзақмерзімді стратегияның бір бөлігі болып табылады.Көрсетіліп отырған қолдаудың маңыздылығын атап өтті. Оның айтуынша, мемлекеттік-жекеменшік серіктестік аясында білім беру саласында қолға алынған мұндай әлеуметтік жобалар студент жастардың сапалы білімге қол жеткізуіне мүмкіндік береді және жоғары оқу орындарының дамуына серпін береді.
Шымкент қаласы бүгінде еліміздегі үшінші ірі студенттер қаласы саналады. Қала аумағында 9 жоғары оқу орны жұмыс істейді. Бұл өз кезегінде ғылыми-зерттеу қызметі мен кәсіби даму үшін кең мүмкіндіктердің бар екенін көрсетеді. Сонымен қатар, білім беру инфрақұрылымын дамыту, академиялық сапаны арттыру, жас мамандарды даярлау бағытындағы жобалар Шымкентті жастар үшін тартымды білім ордасына айналдырып отыр.
Іс-шара соңында қатысушылар студенттерді жаңа оқу жылының басталуымен құттықтап, табысты білім, шығармашылық жетістіктер мен мақсатқа жету жолында қажырлы еңбек тіледі. Ұстаздарға — нәтижелі еңбек пен шабыт, ата-аналарға — үмітін ақтайтын білімді ұрпақ тілектерін білдірді.
Бөлісу