«Жастар» бағдарламасы: Шымкентте мыңға жуық өтінім қаралып жатыр

0
487

Өтінімдер өтініш берушілердің өзіне қайта өңдеуге жіберілуде.


«Жастар» бағдарламасы: Шымкентте мыңға жуық өтінім қаралып жатыр

Шымкент қаласындағы 29 жасқа дейінгі жұмыс істейтін «Жастар» бағдарламасы бойынша қаралымдағы 810 өтінім өтініш берушілердің өзіне қайта өңдеуге жіберілуде, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Олар бұл құжатты 2 жұмыс күні ішінде толықтырып, қайта жолдаулары қажет. Берілген мерзімде өңделмеген немесе дұрыс толтырылмаған құжаттар қаралмайды.
«Жастар» бағдарламасы бойынша өтінімді өңдеу барысында төмендегі көрсетілген шарттарға аса назар аударуларыңыз қажет.
- құжаттарыңыздың сапалылығына;
- ұяшықтарды дұрыс толтыруға;
- банктік шотқа депозиттік шоттың ашылған күнін көрсетуді және дәлелді құжатты қосуды;
- қызмет барысындағы жеке жетістіктерге ағылшын курсын немесе басқа да курстарды аяқтау, қол алысып тұрған фотосуреттер, ата-анаға бала тәрбиесі үшін берілген алғыс хаттар, жақсы оқығаны үшін, тәрбиелі студент болғаны үшін берілген сертификаттар мен мадақтамалар жатпайды. Сондықтан тек қызмет барысында бағаланған мадақтама, алғыс хат, орден, медаль және т.б. қосуды;
- бюджеттік саладағы еңбек өтілі мен жеке кәсіпкерліктің ашылған уақытын дәлелдейтін құжаттарды міндетті түрде салуды;
- 100 мамандыққа игерген мамандығыңыз кірмеген жағдайда "басқа-иное" батырмасын басыңыз.
Айтып өтейік, "Жастар" бағдарламасы бойынша кезекті өтінім қабылдау қазан айының 6-7 күндері өткен болатын.