Жеңіс күні: «Жеңімпаздар» жобасы биыл да жалғасады

0
743

«Жеңімпаздар» жобасы 2014 жылы бастау алған.


Жеңіс күні: «Жеңімпаздар» жобасы биыл да жалғасады

Ұлы Отан соғысының қазақстандық ардагерлерін еске алуға арналған "Жеңімпаздар" жобасы биыл да жалғасын табады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

«Жеңімпаздар» жобасы 2014 жылы бастау алған. Жоба негізінде Қазақстан мен өзге елдердің оқырмандары жарты ғасырдан аса уақыт бұрын майданға аттанған аталары, әжелері, достары туралы ақпарат жібере алады. Осы уақыт аралығында 3,5 мыңнан астам ҰОС және тыл ардагерлері жайлы мағлұмат жинақталған.

Аталған жоба аясында Ұлы Отан соғысына қатысып, ерлігімен есте қалған майдангерлердің ұрпақтары batyrlargatagzym.el.kz сайтына соғыс ардагерлері жайлы мәліметтер мен фотосуреттерді жүктеп, сақтай алады. Ол үшін https://batyrlargatagzym.el.kz/forma/ сілтемесіне өтіп, тиісті сұрақтарға жауап беру керек. Сондай-ақ, майдангердің фотосын жүктеп, ол жайлы қысқаша өмірдерегін ұсынуға болады.
Сұрапыл соғыста Отан үшін от кешкен ардагерлеріміздің есімі мәңгі ел есінде. Ал, аталған жоба ардагерлер жайлы мағлұматтардың жаңғыруына тигізер көмегі орасан зор.