Биыл №97 балабақшасын сыртқы абаттандыру жұмыстарын жүргізуге қажетті қаржы бөлініп, №122 балабақшасын жаңғыртуға арналған қаражатқа сұраныс жолданды.
фото:Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі
ERNUR.KZ. Шымкент қаласында 2025-2027 жылдары 14 балабақшаны күрделі жөндеуден өткізу жоспарланып отыр. Бүгінде 4 балабақшаның жобалық-сметалық құжаттары дайындалса, тағы 9 балабақша бойынша тиісті құжаттарды рәсімдеу жұмыстары жалғасып жатыр.
Атап айтқанда, биыл №97 балабақшасын сыртқы абаттандыру жұмыстарын жүргізуге қажетті қаржы бөлініп, №122 балабақшасын жаңғыртуға арналған қаражатқа сұраныс жолданды. №97 «Ақмарал» балабақшасы Шымкент қаласының Күншығыс шағынауданында орналасқан. 280 орындық білім беру ұйымы 1983 жылы салынған. Соңғы рет 2015 жылы күрделі жөндеуден өткен болатын.
№122 «Ақ көгершін» балабақшасы Тұрлан шағынауданында орналасқан. 385 орынға есептелген мекемеде бүгінде 320 бала тәрбиеленуде. Мекемеде соңғы рет 2013 жылы күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілген еді.
Айта кетейік, қазіргі таңда Шымкент қаласында 625 балабақша жұмыс істейді. Оның 71-і мемлекеттік, 554-і жекеменшік. Бұл мекемелерде жалпы 78 628 бала тәлім алады.