​Жүргізу куәлігінен айырылғанына қарамастан, көлік басқарған үш шымкенттік жауапқа тартылды

0
65

Үш көлік те арнайы тұраққа қойылды.


​Жүргізу куәлігінен айырылғанына қарамастан, көлік басқарған үш шымкенттік жауапқа тартылды

Шымкент қаласында полиция қызметкерлері көлік басқару құқығынан айырылғанына қарамастан, рулге отырған үш жүргізушіні анықтады.

Құқық бұзушылар - 27, 49 және 35 жастағы қала тұрғындары.
Сот шешімімен олардың екеуіне 10 тәуліктен әкімшілік қамаққа алу жазасы тағайындалса, үшіншісіне 50 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды.
Үш көлік те арнайы тұраққа қойылды.
Полиция жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырады.
Бөлісу