ERNUR.KZ. Былтырғы жылмен салыстырғанда жолдарды жақсарту бағытында жұмыстар қарқынды жүргізілді. 2023 жылы 254 нысан немесе 232,7 шақырым жолға құрылыс-жөндеу жұмыстары жүргізілсе, биыл жалпы қала аумағындағы көшелер желісінде құрылыс-жөндеу жұмыстары 501 көшеде /365,8 шақырым/ атқарылды. Жыл қорытындысымен 424 көше, 1 көпір немесе 269,5 шақырым пайдалануға берілді. Биыл 20 нысанда немесе 59, 5 шақырым құрылыс-қайта құру жұмыстарына қаржы қаралып, 6 нысан 23,1 шақырым жол пайдалануға берілді.
Күрделі және орташа жөндеу жұмыстарымен 310 көше немесе 227 шақырым қамтылып, 247 көше, 1 көпір немесе 167,1 шақырым пайдалануға берілді. Ағымдағы жөндеу жұмыстары 181 көше немесе 79,3 шақырымға жүргізілді.