Әкім мен парламент депутаты жекпе-жекке шықты

0
1 001

Екі шенеунік қалалық саябаққа қатысты жанжалдасып қалған.


Әкім мен парламент депутаты жекпе-жекке шықты

ERNUR.KZ. Бразилияда Борба қаласының әкімі Симау Пейшото өзінің бұрынғы кеңесшісі, ал қазіргі таңда парламент депутаты Эринеу да Силваны жекпе-жекке шақырды, деп жазады vesti.kz.

Екі шенеунік қалалық саябаққа қатысты жанжалдасып қалған. Депутат қала әкімін өзен бойындағы саябақты сақтай алмағаны үшін сынға алыпты. Бұған жауап ретінде Пейшото оны сабауға дайын екенін көрсеткен видео жариялайды.

Осылайша, екі шенді аралас жекпе-жек ережесі бойынша төбелесетін болып шешті.

Жергілікті мектеп спортзалында өткен жекпе-жек тікелей эфирде көрсетілген. Үш раунд қорытындысы бойынша қала әкімі ұпай санымен жеңіпті.