"Ақжайық" клубына жаңа директор келді

0
904

34 жастағы Бәйтенов кезінде жартылай қорғаушы ретінде ойнаған.


ERNUR.KZ. Айдос Бәйтенов "Ақжайық" клубының директоры болып бекітілді, деп жазады Vesti.kz.

34 жастағы Бәйтенов кезінде жартылай қорғаушы ретінде ойнаған. 2005-2010 жылдар аралығында "Қайсардың" намысын қорғап, онымен екі рет Бірінші лига чемпионы атанды. Оның мансабындағы екінші және соңғы клубы ақтаулық "Каспий" болды.

Айдос премьер-лигада 70-тен астам, бірінші лигада 60 шақты ойын өткізген. Сонымен қатар, 17 және 19 жасқа дейінгі Қазақстан жастар құрамаларында өнер көрсеткен.

Спорттық мансабын аяқтаған соң Ұлттық қауіпсіздік комитетінде (2013-2019) және "Қайсар" құрылымында (2016 жылдан қазіргі уақытқа дейін) қызмет атқарды.

Естеріңізге сала кетейік, осыдан бірнеше уақыт бұрын клубтың бұрынғы директоры Азамат Шайхы өз еркімен жұмыстан кеткен еді.