Алаяқтарға алдандым - Роналдумен суретке түскен баланың әкесі

0
1 709

"Баламның туған күніне «Ювентустың» жазғы лагеріне сыйлаған жолдамам алаяқтардың өтірігі болып шықты",-дейді Болатбек Әбілхайыров.


Алаяқтарға алдандым - Роналдумен суретке түскен баланың әкесі

ERNUR.KZ. Криштану Роналдумен тілдесіп, естелікке суретке түсу үшін алаңға жүгіріп шыққан қазақ баласының әкесі алаятарға алданғанын, ұлын кумирімен жолықтырғысы келсе де, ешқандай ретін таппағаныны жайлы бөлісті, деп жазады Prosports.kz.

Бұл жайлы 14 жастағы Ахмади Ержановтың әкесі Болатбек Әбілхайыров Instagram-парақшасында жазды.

- Өмірде адамның ойлағаны бола бермейді, бірақ ешқашан үміт үзбей сәтсіздіктің өзін Алланың қалауымен кері айналдыруға болады. Баламның туған күніне «Ювентустың» жазғы лагеріне сыйлаған жолдамам алаяқтардың өтірігі болып шығып, баламның көңіл-күйін түсірмеймін деп, «Ювентус» - «Тоттенхэм» ойынына Сингапурға алып келдім. Баламды Криштиану Роналдумен жолықтыру үшін Мәскеудегі агенттіктер арқылы қанша тырыссам да, жолықтыру мүмкін болмады. Бірақ, ойын барысында балам алаңға секіріп шығып, алаңның қақ ортасымен кесіп өтіп, өзінің армандаған футболшысымен барып сөйлесіп, амандасып, суретке түсудің сәті түсті... Армандар орындалады... - деп жазды Әбілхайыров.

Бұл оқиға жайлы «Ювентус» футбол клубының бас бапкері Маурицио Сарри де өз пікірін білдірді.

- Алаңның ортасына жүгіріп шыққан жас баланы көрдім. Роналдумен суретке түскісі келгенін бірден түсіндім. Қазір күзетшілер алып кететін шығар деп алаңдадым, сол үшін өзіме шақырып, Криштиануға қарай жібердім. Алаңға жас баланың жүгіріп шығуында тұрған ештеңе жоқ, керісінше, мен үшін қуаныш -деді Сарри.