Әлем чемпионаты: Бүгін Қазақстан футзал құрамасы Жаңа Зеландиямен ойнайды

0
140

Жаһандық дода 14 қыркүйек пен 6 қазан аралығында Өзбекстанның Ташкент, Бұқара және Әндіжан қалаларында өтіп жатыр.


Әлем чемпионаты: Бүгін Қазақстан футзал құрамасы Жаңа Зеландиямен ойнайды

ERNUR.KZ. Бүгін, 21 қыркүйекте футзалдан әлем чемпионаты үшінші турында Қазақстан құрамасы Жаңа Зеландиямен кездеседі, деп жазады inform.kz.

Жаһандық дода 14 қыркүйек пен 6 қазан аралығында Өзбекстанның Ташкент, Бұқара және Әндіжан қалаларында өтіп жатыр. Ел құрамасы D тобында Испания, Ливия және Жаңа Зеландиямен шеберлік байқасады. Бүгінгі ойын 17:30-да «Qazsport» телеарнасы тікелей эфирінде көрсетіледі.

Жаңа Зеландия құрамасы биыл әлем чемпионатына алғаш рет қатысып отыр. Ал мұхит аймағы бойынша чемпионатта он екі мәрте бақ сынап, 2022, 2023 жылдарда бас жүлде жеңіп алды.

Алғашқы турда Қазақстан құрамасы Испаниямен 1:1 есебімен тең ойнаса, одан кейін Ливияны 4:1 есебімен тізе бүктірді. Ал Жаңа Зеландия құрамасы алдымен Ливиядан 1:3, екінші ойында Испаниядан 1:7 есебімен жеңіліп қалды.

Аталған сында ел намысын Нарун Серіков, Леонардо Игита, Арнольд Кнауб, Ринат Төреғазин, Ақжол Дәрібай, Әбдірасул Әбдіманапұлы, Азат Валиуллин, Лео, Альберт Ақбалықов, Шыңғыс Есенаманов, Біржан Оразов, Дәурен Тұрсағұлов, Жахангир Рашит және Дуглас Жуниор сынды спортшылар қорғап жатыр. Сондай-ақ аталған топта бүгін Испания мен Ливия құрамалары өзара шеберлік байқасады.

Ал С тобында Ангола мен Аргентина, Украина мен Ауғанстан ойнайды.