Әлем чемпионаты: қазақстандық таеквондошы күміс жүлдеге қол жеткізді

0
616

Жарыстың алғашқы күнінде 29 кг салмақта өнер көрсеткен Ярина Пуганцова командамызға алғашқы медальді салды.


Әлем чемпионаты: қазақстандық таеквондошы күміс жүлдеге қол жеткізді

ERNUR.KZ. Қазақстандық таеквондошы Ярина Пуганцова таеквондодан кадеттер арасында өтіп жатқан әлем чемпионатында екінші орын алды, деп жазады 24.kz.

Жарыстың алғашқы күнінде 29 кг салмақта өнер көрсеткен Ярина Пуганцова командамызға алғашқы медальді салды.

Финалға дейін жерлесіміз үш кездесу өткізіп, барлығында жеңіске жеткенімен, алтын үшін таласта ол ирандық Баран Ливани Джамалға есе жіберді. Осылайша жекпе-жек нәтижесі қарсыластың пайдасына шешілді. Ал Пуганцова – әлем чемпионатының күміс жүлдегері.

Айта кетейік, Софиядағы (Болгария) әлем чемпионатында 77 елдің спортшылары бақ сынауда.