Турнир аса ауыр салмақтағы қазақстандық Айбол Мұратұлы (айқасқа дейін – 1-4) мен грузиндік файтер Сослан Гасиеви (айқасқа дейін – 6-3) арасындағы айқаспен ашылды.
ERNUR.KZ. Алматыда қазақстандық Naiza Fighting Championship промоушенінің аралас жекпе-жек бойынша NFC 36 турнирі басталды, деп жазады ҚазАқпарат.
Турнир аса ауыр салмақтағы қазақстандық Айбол Мұратұлы (айқасқа дейін – 1-4) мен грузиндік файтер Сослан Гасиеви (айқасқа дейін – 6-3) арасындағы айқаспен ашылды. Үш раундқа жоспарланған жекпе-жек алғашқы бес минут аяқталмай тұрып, Мұратұлының техникалық нокаутымен (соққылар) аяқталды.
Осылайша, Мұратұлы кәсіби мансабында екінші рет жеңіске жетіп отыр. Қазақстандық спортшы осыған дейін төрт рет жеңіліс тапқан. Ал Гасиеви бұл жолы төртінші рет жеңілді.
Еске сала кетейік, шоудың басты кездесуі жеңіл салмақтағы NFC чемпионы Ильдар Құдайбергенов (4-0) пен оның отандасы Серікбай Қожабаев (11-5) арасындағы жекпе-жек болмақ.