Алматыда теннистен Қазақстанның жазғы Спартакиадасы басталды

0
872

Бір аптаға созылатын сайысқа өңірлерден жүзден аса спортшы қатысады.


Алматыда теннистен Қазақстанның жазғы Спартакиадасы басталды
ERNUR.KZ. 5 шілде күні Алматыдағы «ЦСКА» теннис орталығында теннистен Қазақстанның бесінші жазғы Спартакиадасы басталды деп жазады Olympic.kz.

Бір аптаға созылатын сайысқа Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Қарағанды, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар, Жамбыл, Қостанай, Шығыс және Солтүстік Қазақстан облыстарынан жүзден аса спортшы қатысады.

Спартакиадада ұлттық құрама сапында танылып үлгерген спортшылар да бақ сынайды.

Атап айтар болсақ, Тимур Хабибуллин, Денис Евсеев, Григорий Ломакин, Достанбек Ташбулатов, Тимофей Скатов, Анна Данилина, Дарья Детковская, Елизавета Карлова, Гозаль Айнитдинова, Жібек Құламбаевалар елішілік турнирдің жүлдесіне таласады.

«Теннистен жазғы Спартакиада спортшылар үшін кішігірім Олимпиада десек болады. Бұл төрт жылда бір өтетін дүбірлі дода. Сондықтан, спортшылар барын салады», - дейді ҚР теннис федерациясы Алматы филиалының директор орынбасары Андрей Квасов.