Алуа Нұрман блиц шахматтан Азия чемпионы атанды

0
130

Байрақты бәсекеде отандасымыз 7,5 ұпай жинады.


Алуа Нұрман блиц шахматтан Азия чемпионы атанды

Фото: Спорт және туризм министрлігі

ERNUR.KZ. Біріккен Араб Әмірліктерінің Әл-Айн қаласында өткен блиц шахматтан Азия чемпионатында 18 жастағы алматылық шахматшы Алуа Нұрман топ жарды, деп жазады inbusiness.kz.

Швейцариялық жүйе бойынша өткен сары құрлық додасында Алуа жеті партияда жеңіске жетіп, бір кездесуде тең түсті. Тек бір ойында ғана қарсыласына жол берді. Соңғы турда тағы бір отандасымыз Ксения Балабаеваны жеңгенін айта кеткен жөн. Осылайша, отандасымыз 7,5 ұпай жинап, Азия чемпионы атанды.

Басқа жерлестеріміздің нәтижесі: Елназ Қалиахмет 5-орын, Ксения Балабаева 7-орын, Лия Құрманалиева 10-орын.