"Астана" Пол Эшуортты бапкерлік қызметтен босатты

0
560

Ол өзінің бұрынғы жұмысына қайта оралды.


ERNUR.KZ. "Астананың" жаттықтырушысы Пол Эшуорт өзінің бұрынғы жұмысы, яғни клубтың атқарушы директор қызметіне қайта оралды. Енді ол елордалық команданың бас бапкер қызметін атқармайды. Бұл туралы журналист Айдын Қожахмет хабарлады, деп жазады vesti.kz.

"Пол Эшуорт "Астананың" бас бапкері қызметін атқармайды, ол өзінің бұрынғы жұмысы - клубтың атқарушы директоры қызметіне қайта оралды. Бірақ, мен оның бұл қызметте де ұзақ отырмайтындығына сенемін. Клуб жаңа жаттықтырушы іздеп жатыр", - деді Қожахмет хабарламада.

Айта кетейік, "Астана" 4-қазан күні Премьер-лиганың 6-турының кейінге қалдырылған матчында "Қайраттан" 0:3 есебімен жеңіліп қалды. Алматылықтар бұл жеңістің арқасында едордалық командадан сегіз ұпайға озып кетті.

Еске салайық, "Астананы" маусымның басында чех маманы Михал Билек жаттықтырды, ол команда Чемпиондар лигасынан шығып қалғаннан кейін өз орнын босатқан еді. Содан соң клубтың атқарушы директоры Пол Эшуорт бас жаттықтырушының міндетін атқарушы болып қызмет атқарды.