Қазақстанның екінші ракеткасына грузиялық тенисшісі Екатерина Горгодзе қауқар таныта алмады.
ERNUR.KZ. 28 қыркүйекте ҰТО корттарында Astana Open халықаралық турнирінің үшінші күнгі ойындары өтті, деп жазады zakon.kz.
Бұл күні Қазақстанның намысын еліміздің әйелдер құрамасының мүшелері: Юлия Путинцева, Зарина Диас пен Анна Данилина қорғады. Бірақ Аннаның бірінші айналымда жолы болмай, ол үш сеттік арпалыста Astana Open-нің үшінші нөмірі, франциялық Кристина Младеновичтен 4:6, 7:6, 4:6 есебімен жеңіліс тапты.
Данилинадан кейін орталық қортқа Зарина Диас шықты. Оның ресейлік Анастасия Захароваға қарсы кездесуі күрделі болды. 4-6 есебімен бір сетті берген алматылық теннисші кейінгі екі сетте 7:6, 7:5 есебімен жеңді. Ойын күнінің бағдарламасын Юлия Путинцева аяқтады.
Қазақстанның екінші ракеткасына грузиялық тенисшісі Екатерина Горгодзе қауқар таныта алмады. Есеп 6:1, 6:2.
Енді Путинцева мен Диас осы жарыстың ширек финалына жолдама алуға тырысады. 29 қыркүйекте Юлия Беларус өкілі Вера Лапкамен, ал Зарина швециялық Ребекка Петерсонмен ойнайды.