Құрлықтық біріншілік Ташкентте өтеді деп жоспарлануда.
ERNUR.KZ. Халықаралық ауыр атлетика федерациясы жарыс күнтізбесін жаңартты, деп жазады Olympic.kz.
Жаңартылған күнтізбе бойынша жастар мен жасөспірімдер арасында өтетін жарыстарға өзгеріс енгізілген. Бірнеше турнир кейінге шегерілсе, кейбірі өткізілмейтін болған.
Жарыс кестесіне сәйкес, 2020 жылғы Азия чемпионаты бір жылға шегеріліп, 2021 жылдың наурыз айында өтуі мүмкін. Айта кетерлігі, аталған құрлықтық біріншілік Ташкентте өтеді деп жоспарлануда.