​АЗИЯ ОЙЫНДАРЫ: ЕЛ ҚОРЖЫНЫНА ТӨРТІНШІ АЛТЫН ТҮСТІ

0
636


​АЗИЯ ОЙЫНДАРЫ: ЕЛ ҚОРЖЫНЫНА ТӨРТІНШІ АЛТЫН ТҮСТІ

Қазақстан құрамасының мүшелері Сергей Емельянов пен Тимур Хайдаров жұбы 500 метрге каноэде есуден алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Жұп құраған Сергей Емельянов — шымкенттік спортшы, ал Тимур Хайдаров — түркістандық саңлақ. Жеңіс сыйлаған көрсеткіштері 1:49.01 уақытты құрады.
Отандастарымыздың маңызды жеңісімен құттықтаған ҚР Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев: «Тимур мен Сергейді жеңісімен құттықтаймын! Күрес қиын болды, бірақ біздің ескекшілер бәсекелестерден озып үлгерді. Команданың жаттықтырушылар штабына ерекше алғыс айтамын. Ел сіздерді мақтан тұтады!» — деді.
Еске салайық, Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан XIX жазғы Азия ойындары 8 қазан күні мәресіне жетеді.