Азия ойындарында Қазақстан қоржынына алғашқы алтын түсті

0
96

Рината Сұлтанова алғашқы жарыс күнінде жеңіске жетіп, ұлттық құраманың алтын медальдар есебін ашты.


Азия ойындарында Қазақстан қоржынына алғашқы алтын түсті

© Туризм және спорт министрлігі

ERNUR.KZ. Қазақстандық велошабандоз Рината Сұлтанова ХХ жазғы Азия ойындарында әйелдер арасындағы тасжол велоспортынан жекелей жарыста алтын медаль жеңіп алды, деп жазады sputnik.kz.
Бұл — Қазақстан құрамасының биылғы Азиададағы алғашқы алтын жүлдесі.
Рината Сұлтанова алғашқы жарыс күнінде жеңіске жетіп, ұлттық құраманың алтын медальдар есебін ашты. Жарыс қорытындысы:
1-орын — Рината Сұлтанова — 36:23.72
2-орын — Чжан Хао — 36:28.40.
3-орын — Син Джиын — 36:56.14.

Бұл — Рината Сұлтанованың екінші Азиадасы. Бұған дейін Ханчжоуда өткен Азия ойындарында ол жекелей уақытқа жарысудан қола медаль жеңіп алған болатын.

"Соңғы жылдары бейінді федерациямен бірлесіп спортшыларды ірі халықаралық жарыстарға дайындауға, Азия чемпионаттары мен басқа да маңызды бәсекелерге қатысуға ерекше көңіл бөлініп келеді", - дейді Туризм және спорт министрлігі.

Бұған дейін республика құрамасының алғашқы медалін ерлер триатлонында Арлан Жаңабай жеңіп алған болатын. Ол қола медальға қол жеткізді.