14 жасқа дейінгі қыздар арасында астаналық Альбина Кәкенова бұрынғыша көш бастап келеді.
ERNUR.KZ. Азия теннис федерациясы 14 және 16 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында жаңартылған рейтингіні жария етті, деп жазады ҚазАқпарат.
Қазақстан теннис федерациясынан мәлім еткеніндей, 14 жасқа дейінгі қыздар арасында астаналық Альбина Кәкенова бұрынғыша көш бастап келеді. Оның есебінде 3922 ұпай бар.
Сондай-ақ ақтөбелік Ева Корышева (4-ракетка) мен астаналық Ариана Гогулина (8-ракетка) үздік ондыққа енді.
Ал 16 жасқа дейінгі қыздар арасында алматылық Сафина Сафиуллина 720 ұпаймен бірінші орынға көтерілді. Алматылықтар Полина Слепцова алтыншы, Айя Нұпбай тоғызынша сатыда. Бозбалалар арасында астаналық Кәрім Темірлан 2-орынға жайғасса, алматылық Тихон Сорокин 7-сатыға шықты.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын қазақстандық теннисшінің Грекиядағы турнирде жеңімпаз атанғанын жазған болатынбыз.
Сондай-ақ теннистен қазақстандық төреші күміс белгі иегері атанды.
Михаил Кукушкин Хельсинкидегі турнирдің ширек финалына шықты.