Бапкер әйел төрешіні баспен ұрып жұмысынан айырылды

0
881

Бұл жағдай үзіліс кезінде болды.


Бапкер әйел төрешіні баспен ұрып жұмысынан айырылды

ERNUR.KZ. Бразилиялық "Деспортива Ферровиария" командасының бас бапкері Рафаэль Сориано Эспириту-Санту штатының ойының "Нова Венеция" қарсы кездесуі барысында әйел төрешіні баспен ұрды, деп жазады vesti.kz.

Бұл жағдай үзіліс кезінде болды. Сориано алаңға шығып, төрешіге шығымын білдіргісі келеді. Бірақ осы қылығы үшін ол сары қағаз алды. Содан кейін бапкер төреші Марсиэли Нетто баспен ұрып жіберді.

Осы жағдайдан кейін клуб Сорианоны бірден қызметінен босатқанын мәлімдеді. Ал штаттың спорттық соты маманды тергеу жұмыстарын жүргізу үшін 30 күнге шеттетті.

Айта кетейік, бұл кездесуде "Деспортива Ферровиария" командасы 1:3 есебімен жеңілді.