"Барселона" Испания чемпионы атанды

0
136


Фото: Getty Images

ERNUR.KZ. "Барселона" футбол клубы 2024/25 жылғы маусымда Испанияның Ла Лигасында мерзімінен бұрын чемпион атанды, деп жазады Stan.kz.

36-турда сырт алаңда "Эспаньолды" 2:0 есебімен жеңгеннен кейін каталониялық команда қарсыластарынан ұпай саны бойынша озып шығып, маусымның аяқталуына екі тур қалғанда чемпиондықты қамтамасыз етті.

Бұл – "Барселонаның" тарихындағы 28-ші ұлттық чемпиондығы. Каталондық ұжым Испания біріншілігінде соңғы жылдары басты бәсекелесі "Реал Мадридпен" алма-кезек чемпиондыққа таласып келеді.