БАӘ футбол қауымдастығы мәлімдеме жасады.
ERNUR.KZ. БАӘ кәсіпқой лигасы мен футбол қауымдастығы жергілікті чемпионатты жалғастыру бойынша мәлімдеме жасады. "Аль-Айн" сапында өнер көрсететін Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Бауыржан Исламхан бұл команда үшін енді ойнай алмайтын сияқты, деп жазады Vesti.kz.
"Жағдайды билік өкілдерімен сараптап, БАӘ кәсіпқой лигасы футбол қауымдастығымен бірге жарыстарды тамызда жалғастыру туралы шешім шығарды", - делінген лига сайтында.
Бауыржан Исламханның "Аль-Айн" клубымен келісімшарты 2020 жылы 30 маусымда аяқталады, енді ол келісім ұзартылса ғана ОАЭ чемпионатының аяғына дейін ойнай алады. 27 жастағы қазақстандық футболшы "Аль-Айн" сапына 31 қаңтарда өткен. Исламхан арабиялық клуб үшін ойнаған он матчте бір гол салып, үш нәтижелі пас берді.