Игорь Шацкийді "Шахтердің" ҚПЛ-дегі матчінен кейін жедел жәрдем алып кетті.
ERNUR.KZ. Футболдан Қазақстан құрамасы мен қарағандылық "Шахтер" командасының қақпашысы Игорь Шацкийдің жарақаты қаншалықты ауыр екені айтылды, деп жазады Vesti.kz.
Игорь Шацкийді "Шахтердің" ҚПЛ-дегі матчінен кейін жедел жәрдем алып кетті. Голкипер "Ақсу" қорғаушысы Али Гаджибековпен соғылғаннан кейін жарақат алды.
"Қайырлы күн. Мені уайымдап, жылы лебіз білдіріп жатқан жанкүйерлерге алғыс айтқым келеді. Рақмет сіздерге. Кеше Али Гаджибековпен соғысып қалғанымды білесіздер. Тексерістен өттім. Бет сүйегім сынған дейді. Алимен хабарластық. Ол жақсы, тәрбиелі жігіт. Сондықтан менің оған ешқандай ренішім жоқ. Емделіп, бұдан да мықты болып қайта ораламын", - деп жазды Шацкий бұл жағдайға байланысты.