Бір матчте төрт пенальти белгілеген төреші өмір бойына футболдан шеттетілді

0
1 101

Барлық пенальти сәтті орындалған.


Бір матчте төрт пенальти белгілеген төреші өмір бойына футболдан шеттетілді

ERNUR.KZ. Бір ойында төрт пенальти белгілеген мароккандық төреші Хишам Тиази өмір бойына шеттелді. Мұндай шешімді Корольдік мароккан футбол федерациясы (FRMF) шығарды, деп жазады kaz.vesti.kz.

Тиази Марокко чемпионатындағы "Олимпик Хурибга" және "Юссуфия Беррешид" арасындағы матчте төрелік етіп, төрт пенальти белгілеген, оның алаң иелері орындаған үшеуі алаң сәтті болды.

Ойын "Олимпик" жеңісімен аяқталды - 4:1.

Федерация өкілдерінің пікірінше, Тиази дөрекі қателіктер жасап, бұл ойын нәтижесіне әсер еткен.