Бокстан ӘЧ-де Қазақстан үздік үштікке ілінбеді

0
534

Үздік үштікті Өзбекстан түйіндеп тұр.


Бокстан ӘЧ-де Қазақстан үздік үштікке ілінбеді

ERNUR.KZ. Армения астанасы Ереванда өткен бокстан жастар арасындағы 2023 жылғы әлем чемпионаты аяқталды, деп жазады vesti.kz.

Бұл жарыста қазақстандық боксшылар қоржынға төрт алтын және алты қола жүлде салды. Осылайша, Қазақстан құрамасы жалпы командалық есепте төртінші болды.

Әлем біріншілігінде бірінші орында Ресей тұр: жеті алтын, екі күміс және жеті қола. Екінші орында ринг қожайыны Армения - олардың еншісінде төрт алтын, бес күміс және бір қола. Ал үздік үштікті Өзбекстан түйіндеп тұр (4-3-4).

Жастар арасындағы 2023 жылғы ӘЧ-нің жүлделік есебі:


1. Ресей — 7-2-7
2. Армения — 4-5-1
3. Өзбекстан — 4-3-4
4. Қазақстан — 4-0-6
5. Үндістан — 3-9-5
6. Ирландия — 2-0-1
7. Польша — 1-0-3
8. Қырғызстан — 1-0-1
9. Грекия — 0-1-2
9. Румыния — 0-1-2
11. Болгария — 0-1-1
11. Беларусь — 0-1-1
11. Германия (IBA) — 0-1-1
14. Тәжікстан — 0-1-0
14. Албания — 0-1-0
16. Грузия — 0-0-3
16. Тайвань — 0-0-3
18. Испания — 0-0-1
18. Венгрия — 0-0-2
20. Мексика — 0-0-1
20. Ауғанстан — 0-0-1
20. Эквадор — 0-0-1
20. Иордания — 0-0-1
20. Оңтүстік Корея — 0-0-1
20. Тунис — 0-0-1
20. Бельгия — 0-0-1.