Өлі нәрестені маңайда ойнап жүрген балалар алғаш болып байқап қалған.
Фото: Видеодан скрин
ERNUR.KZ. Таразда қала шетіндегі шағынаудандардың біріндегі каналдан өлі сәби табылды. Нәрестенің денесі судың ішінен шыққан, деп жазады Stan.kz.
Өлі нәрестені маңайда ойнап жүрген балалар алғаш болып байқап қалған. Олар бастапқыда суда жатқан затты қуыршақ деп ойлаған. Алайда оның шын мәнінде жаңа туған сәби екені анықталған.
Мәліметке сәйкес, нәрестенің кіндік бауы да кесілмеген. Қазір полиция баланың анасын іздеп жатыр.
“Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Полиция қызметкерлері баланың анасының жеке басын анықтау үшін барлық қажет жедел-іздестіру шараларын жүргізіп жатыр”, – делінген жауапта.


